Стоковые изображения от Depositphotos
Жеңіс саябағына жиналған қала тұрғындары Мәңгілік алау айналысына шамдар арқылы «78» санын бейнелейтін сурет жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі
Екінші дүниежүзілік соғысы майданында қаза тапқан сарбаздарды еске алу үшін қала тұрғындары Жеңіс саябағына жиналды.
Семейліктер үшін «Шам жағу» акциясы дәстүрге айналды. Шамдардан «78» деген жазба жасалып, жанында жұлдыз жарқырап тұрды.
Акцияны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Жастардың айтуынша, саябақта бір уақытта шамамен бір жарым мыңдай шам жанған. Кейбір қала тұрғындары шамдарды өздерімен бірге алып келді.
Іс шара соғыс жылдарындағы әндермен сүйемелденді. Жиналғандардың арасында жастардың қарасы қалын болды. Бұл тарихты ұмытпағанның және сыйлайтынның белгісі, дейді ұйымдастырушылар.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press