Қарағанды облысындағы алғашқы ХҚО ашылғанына 15 жыл

Дата: 26 ноября 2021 в 18:25


Сол кезден бері кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуына және көрсетілетін қызмет санының өсуіне байланысты ХҚО-лардың қызмет процесі бірнеше мәрте өзгертілді. Егер бұрын халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 30-дан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 662 қызметті құрайды. Олардың көбісі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимде қолжетімді.

Көрсетілетін қызмет түрі көбейген сайын келушілердің де саны арта бастаған. Бүгінгі таңда Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 661 адамды құрайды, 29 бөлім мен 5 сектордың жұмысы ұйымдастырылған. Облыстың аумақтық бөлімшелері 2021 жылдың 10 айы ішінде 1 млн 97 мың мемлекеттік қызмет көрсетті.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін ХҚО-лардың бүкіл жұмыс процесі автоматтандырылған. Азаматтар электронды кезек алып, таблоға кезек нөмірі көрсетіледі, оператор клиентті 15 минут ішінде қабылдауы тиіс. Бүгінде халықтың ыңғайлылығы үшін мемлекеттік қызметтің баж алымын кассаға бармай-ақ, QR код арқылы төлеу мүмкіндігі жасалды. Тұрғындар дайын болған құжатты үйлеріне алдырту сервисін пайдаланып, проактивті түрде баланың туу куәлігіне өтініш беріп, жәрдемақыларды рәсімдей алады. Оған қоса бірнеше мемкелекеттік қызметті ХҚО-ға бармай-ақ банк қосымшалары арқылы алу мүмкіндігі туды. 

 

По сообщению сайта EKaraganda.kz