Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы омикрон штамына байланысты зерттеу қалай жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бекшиннің сөзінше, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр.
«Мысалы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз — сол сынамаларда омикрон штамы бар-жоғын анықтау. Бірақ созылмалы зерттеу. Нәтижесі екі-үш күнде дайын болуы керек. Сондықтан омикрон біздің елімізде анықталғанын немесе анықталмағанын айту ерте. 3 желтоқсаннан бері зерттеуде тұр», — дейді Бекшин ӨКҚ брифингінде.
Жандарбек Бекшиннің сөзінше, шетелден келгендер бүгінде арнайы қонақүйде карантинде жатыр. Одан бөлек, үй карантинінде жатқандар да бар.
«Омикрон» штамы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы
Еске салайық, коронавирустың «омикрон» нұсқасын ДДСҰ сарапшылары «алаңдаушылық тудыратын» санатқа жатқызады, себебі оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-ақуыздың 32 мутациясы бар.
По сообщению сайта Tengrinews