Ауыл балаларының ойынына комментатор болған жігіт Қазнетті тәнті етті 26 января 2022, 13:50

Дата: 26 января 2022 в 13:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Желіде ауыл балаларының ауладағы ойынын спорт комментаторы ретінде жүргізген жігіттің видеосы тарады. Қазнеттегілер видеоны жоғары бағалап, комментаторды мақтап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі видео авторы Тағай Нұралиевпен сөйлесіп, оны қашан және қайда түсіргенін сұрады. 

Тағай Нұралиев — Шымкент тұрғыны. Жасы 31-де. Оның айтуынша, Желіде тараған видео осыдан 1,5 жыл бұрын түсірілген.  

«Видеоны Жетісай ауданы Мақталы елді мекенінде түсірдім. Әпкемнің үйіне қыдырып барғанмын, сонда қонақ болдым. Сөйтсем, есік алдында жиендерім, ауылдағы басқа балалар ойнап жатыр екен. Бізде бұл ойынды «Ортаға түс» деп атайды. Мен телефонды қосып, ойынды жүргіздім, кешкісін монтаждап, реттеп, дайындап қойдым. Таяуда сол видеоны жүктегенмін, халыққа ұнады», — дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

По сообщению сайта Tengrinews