Танымал адвокат Абзал Құспан Мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасынан соң құрылған «Аманат» комиссиясы жұмысымен таныстырып, жаппай тәртіпсіздікке қатысушылармен кездесу нәтижесінде елдің барлық өңірінде байқалған ортақ белгілер туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Абзал Құспан комиссия атынан және олар қорғаған жүздеген адамның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.
«Аманат» комиссиясы құрылып, жұмысын 24 қаңтарда Алматы қаласынан бастап, Алматы, Жамбыл облыстары, ШҚО-ның Өскемен, Семей, Шымкет және басқа қалаларрында жалғастырған болатын. Біріншіден, бізге осындай мүмкіндік тудырып, қолдағаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа комиссия атынан және біз қорғаған жүздеген азаматтың атынан алғыс білдіргім келеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының осы оқиғалар кезіндегі табанды шешімі, оқиға бойынша алғашқы кезеңнен бастап, елге ашық сұхбат беріп, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап бергені басынан тергеу органдарынан мейлінше ашық, объективті, жан-жақты тергелуін талап етіп отырғаны бізге де ерекше күш-жігер сыйлағанын айтқым келеді. Біз және бізден бөлек құрылған басқа да комиссиялар осы мақсатта жұмыс жасады және ол жұмыстар әлі де жалғасын табады», — деді ол Мәжіліс отырысында.
Абзал Құспан комиссияның негізі мақсаты — қаңтар оқиғалары кезінде қылмыстарға қатысы жоқ, тек бейбіт шеруге шықтық деп ойлап, арандап қалған не жасаған қылмыстық әрекеттері, денсаулығы, әлеуметік статусы және бағы басқа жағдайларға байланысты қоғамға қауіп төндірмейтін тұлғаларды анықтап, оралдың бас шарасын өзгерту, кейіннен қылмысытық іс орбитасынан алып шығу болғанын айтты.
Ол барлық өңірде жаппай тәртіпсіздікке қатысушылармен кездесу нәтижесінде бәрінде бірдей ортақ белгілер болғаны анықталғанын айтты.
«Жаппай тәртіпсіздіктер бір уақыт, бір кезеңде басталуы.
Арандатушы топтың болуы, олардың ортақ, бір талаптарының болуы. Мысалы, барлық жербе бердей уақытта шамамен бейбіт митингіге шыққан көпшілікті облыс, қала әкімділігін басып алуға үгіттеушілердің болуы.
Жекелеген жағдайда құқық қорғау органдарының уақытылы қимылдамауы. Кейде мүлдем әрекетсіздік танытуы.
Оңтүстік өңірлерде бейбіт митингіге қатысушылар бұрын өздері көрмеген, танымайтын әскери тәртіптегі белгісіз адамдардың болғаны және басқа жағдайдар.
Бұл жағдайлар әу бастан бейбіт басталған митингілерді жаппай тәртіпсіздіктерге ұластырға мүдделі топтардың болғаны және олар орталықтандырылған түрде мақсатты жұмыс жасағанына біздің көзімізді жеткізе түсті», — деді Құспан.
Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
По сообщению сайта Tengrinews