Қазақстанда тұңғыш рет «Алтай − Атырау» ультрамарафоны өтіп жатыр. Осы бағыт бойынша Алтайдан жолға жүгіріп шыққан марафоншы, қоғам белсендісі Марғұлан Ермағанбетұлы 10 мамыр күні Семей қаласына келіп жетті, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының спорт бөліміне сілтеме жасап.
Марафонның мақсаты − қазақстандықтарды салауатты өмір салтына оның ішінде жүгіру спортына баулу.
Марафоншыны Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевпен бірге қалалық жеңіл атлетшілер күтіп алып, аспалы көпір үстімен бірге жүгіріп өтті.
Марафоншы Марғұлан Ермағанбетұлы Бесқарағай ауданын басып өтіп, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалалары арқылы Атырауға жетпек. 11 мамыр күні таңертең Бесқарағай ауданы бағыты бойынша жолға шығып кетті.
Марғұлан Ермағанбетұлы – қоғам белсендісі, спортты насихаттаушы, марафоншы.
Фото: Instagram/@otdel_sporta_semey
По сообщению сайта Arna Press