Ағымдағы жылдың 6 ақпанында » 102 «арнасына белгісіз адамнан облыс орталығының сотына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтарды сот ғимаратынан эвакуациялап, барлық шұғыл қызметтер дереу аталған жерге жұмылдырылды. Әлі де тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Абай облысының полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
По сообщению сайта Arna Press