Айта кетейік, Абай облысындағы алғаш рет өткізілген қайырымдылық балынан жиналған қаражаттың 30 миллион теңгесі балалар үйлерінің есепшотына аударылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаражат балалар үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.
Еске салар болсақ, желтоқсан айының соңында «Ақ Ертіс» қоры Семей қаласында алғашқы қайырымдылық балын өткізген болатын. Шақырылған қонақтар шара аясында ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесінде мамандандырылған мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың суреттерін, қолөнер бұйымдарын, аппликацияларын сатып алды.
Кейбір меценаттар сатып алған лоттарын тарихи-өлкетану мұражайына сыйға тартты.
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press