Өңірлерге тым аз мөлшерде келгендіктен газ құю бекеттерінің көбі жабылып, ондағы қызметкерлер қысқарып кеткен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Такси жүргізушілерінің айтуынша, газ құятын бекеттің бәрі талон арқылы құйып жүрген, қазір бұлай да құю мүмкін емес екен. Ал газ құю бекеттеріндегі қызметкерлер жұмысынан қысқарып қалған. Өйткені кейбір бекеттер жұмысын тоқтатқан. Кәсіпкерлер жергілікті шенеуніктерді «газды теңдей бөлмей отыр» деп кінәлап отыр.
«Он шақты бекеті барларға 1 000 тонна береді. Олар мұны бір айда сата алмайды. Жамбыл облысының тұтынуына байланысты. Олар үстіне қосып, көтерме бағамен сатады. Менің ойымша, бұл әділетсіз» дейді газ құю бекетінің директоры Гүлжамал Башығұлова
Энергетика басқармасы мұны жоққа шығарды. Олар газ министрлік бекіткен талаппен таратылады дейді.
«Бұл бойынша «Атамекен» ассоциациямен бірлесіп, ұсынысты беріп жатырмыз. Жақын арада энергетика өз бұйрықтарына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Сол кезде айтқан ескертпелер енгізілген кезде тек көтерме сауда есептеуді алған кезде бұл кісілерге көбірек бөлінеді деп ойлаймыз» — деді Жамбыл облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Мәулен Қожақов
Фото: astanatv.kz
По сообщению сайта Arna Press