Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Оралда да тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 метрге жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 6 наурызға қараған түнде оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел екпіні 15-20 метрге жетеді, бүгін таңертең және күндіз, ертең жел екпіні 23-28 метр болады. Таразда бүгін, ертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады, таңертең және күндіз кей уақытта 25 метрге де жетеді.
Бүгін күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 метр болады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метр, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 метр болады. Петропавлда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тәулік бойы бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.
Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Бүгін күндіз Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 25 метрге жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда күндіз көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығсытан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Жезқазғанда күндіз көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Қызылордадада түнде және таңертең көктайғақ болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метр болады.
Бүгін күндіз Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Қонаевта оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.
Бүгін күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 23-28 метрге жетеді. Шымкентте бүгін таңертең және күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Түркістанда түнде және таңертең кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.
5 наурызда түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге, кей уақыттарда 25 метрге жетеді.
Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні секундына 23 метрге жетеді. Қостанайда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.
Сурет:Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press