Шымкентте көлікті сату алдындағы техникалық жағдайын тексеру кезінде ұрлап кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап
Otyrar.kz мәліметінше, желіде ер адам өзінің ВАЗ-2114 автокөлігін сататынын хабарлаған. Хабарландыруға жас жігіт жауап берген. Сатып алушы досымен кездесуге келіп, көліктің техникалық жағдайын тексеру үшін рульге отыруды сұраған. Тест-драйв кезінде екі жігіт белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Жәбірленуші полицияға арызданған.
Полицейлер қылмыскерлерді анықтап, қамауға алды. Олар Түркістан облысының 21 жастағы тұрғындары болып шықты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press