Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты

Дата: 27 марта 2023 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды облыс тұрғынынан тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды .

Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр.

По сообщению сайта Arna Press