27 наурызда Семей қаласының аумағында «Найза – Антитеррор-2023» антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық терроризмге қарсы күрестің жедел штабына сілтеме жасап.
Ic-шараның мақсаты – террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін, құқық қорғау және арнайы органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына байланысты көлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұрайды, — деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабында.
По сообщению сайта Arna Press