Ақшаны қолдан жасаған адам 10 жыл сотталды
Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.
«Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Э. деген азаматқа қатысты жалған 9 300 АҚШ долларын өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айрылды», — деді ол.
ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын немесе ондағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтаумен айналысқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша жазаланады.
Заң бұзушы жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай мүлкі тәркіленеді немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press