Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды, ол кәріз құдығына құлап мерт болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 8 сәуірде сағат 22:00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылының тұрғыны 4 жасар ұлын іздеуге жәрдемдесуді сұрап хабарласқан.
Ата-анасының айтуынша, сағат 17:30 шамасында бала аулаға серуендеуге шыққан, содан кейін жоғалып кеткен.
Полиция қызметкерлері баланың денесін үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан тапты.
Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press