Үржар ауданында «жүктімін» деп жауапкершіліктен құтылуды жоспарлаған әйел қамауға алынды

Дата: 12 апреля 2023 в 18:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Үржар ауданында жалған жүктілік туралы анықтама берген әйелге айппұл салынып, оның алдында жасаған құқық бұзушылығы үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылдың наурыз айында аудандық сотта Үржар ауылының тұрғыны Т.А.Ж. қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігі бойынша көлік құралын мас күйінде басқару фактісі бойынша іс қаралды. Осы баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыруды көздейді.

Істі қарау барысында Т.А.Ж. жүктілік туралы анықтаманы ұсынды, бұл оған жазадан құтылуға мүмкіндік берді, өйткені заңмен жүкті әйелдерді қамауға тыйым салынған.

Бірақ, жауап алу кезінде құқық бұзушы жүктілігі туралы қарама-қайшы айғақтар бере бастайды. Осыған назар аударған прокурор істі қарауды кейінге қалдыруды сұрап, медициналық құжаттарды тексере бастайды.

«Тексерумен жүктілік туралы анықтама жалғандығы анықталып, прокуратурамен Т.А.Ж. қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін құжаттар полицияға жолданады. 11.03.2023 жылы Үржар аудандық сотының үкімімен Т.А.Ж. — ҚР ҚК-нің 385 бабының 3 бөлігімен, яғни сотқа жалған құжат ұсынғаны үшін кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды», — делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, соттың 20.03.2023 жылғы қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынды және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

Осылайша, әкімшілік жауапкершіліктен құтылмақшы болуға тырысқан азамат, керісінше, өз жағдайын одан әрі ушықтырып, қылмыскер атанды.

Прокурордың сот отырысында көрсеткен белсенділігін аудандық сотпен де аталып өтті, ол осы мәселе бойынша облыс прокурорының атына жеке ұйғарым шығарды.

Сурет: askeri.sud.kz

По сообщению сайта Arna Press