Қазақстан Үкіметі бірқатар функциясынан айырылды

Дата: 20 апреля 2023 в 04:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, бұрын хабарланғандай, мемлекеттік басқару деңгейіндегі өкілеттіктер арасында орталықсыздандыру шеңберінде Үкіметтің функциясынан құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру алынып тасталады.

Сондай-ақ, Үкімет Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етпейді, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар олардың орындалуын бақылайды.

Сонымен қатар, министрліктер өз құзыреті шегінде инвестицияларды, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады делінген.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press