Биылдан бастап талапкерлер негізгі ҰБТ кезінде Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесінің электронды нұсқасын да, қағаз нұсқасын да қолдана алады. Кестелердің қағаз нұсқасы тест тапсырушыларға ҰБТ кезінде таратылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жаңалықты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Атырау қаласы мектептерінің түлектерімен кездесуде айтып, Менделеев (Химиялық элементтердің периодтық жүйесі) және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.
«Баршаңызға мәлім, «Химия» пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі компьютерде беріледі. Алайда түлектер оның қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат сұрады. Осыған дейін айтқанымдай, біз 2023 жылғы ҰБТ-да тестіленушілердің қалауы бойынша кестелердің қағаз нұсқасын беру туралы шешім қабылдадық», — деп атап өтті Руслан Емелбаев.
Сондай-ақ ведомство өкілдері тестілеу кезінде барлық талапкер үшін компьютер экранында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия» және «География» пәндері бойынша есептерді шешу үшін калькулятор қолжетімді болатынын атап өтті.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press