Бүгін таңертен Шу облысындағы Дмитриевка ауылында атыс болды. Бішкекке баратын жол жабылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, таңертең ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстамақ болған, алайда олар оқ жаудырған.
Кейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі арнайы жасақ қызметкерлері қарулы лаңкесті ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады. Қарулы қылмыскер Дмитриевка ауылындағы жеке үйлердің бірінде арнайы жасақ қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, қазір оқиға орнында тергеу тобы мен саперлар жұмыс істеп жатыр.
«Лаңкес жойылды. Оқиға орнында ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», — деді министрлікте.
Арнайы операция жүргізіліп, қылмыскер ұсталған үй толықтай дерлік өртеніп кетті. Оның айналасы мен көршілес көшелер қоршауға алынған.
Үй иесінің әпкесі ер адамның осыдан бірнеше күн бұрын әйел баласымен Ош қаласынан ауылға келгенін айтты.
«Бұл менің әпкемнің үйі. Ол Ресейде тұрады. Үнемі жалдаушыларға жалға береді. Үш-төрт күн бұрын әйелі мен баласы бар ер адам осы үйге көшіп келді. Қарапайым адамдар секілді көрінді. Маңдайында «террорист» екені жазылып тұрмаған соң қайдан білейік оның кім екен. Бұлай болады деп кім ойлады дейсіз. Ақшасын алдын-ала төлеген соң үйге кіргіздік. Ал қазір бүкіл үй өртеніп кетті. Полиция оны басып алуға келгенде әйелі мен баласын алып шығып гранаталарды лақтыра бастады, бүкіл үй опырылып құлады», — деді Марина Мұсаева.
Сурет: 24.kg агенттігі
По сообщению сайта Arna Press