Астаналықтар иесіз жүрген атты видеоға түсіріп алды. Жануар Қабанбай батыр даңғылынан өтіп, Ботаникалық саябаққа бет алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жылқы ешқандай оқыс әрекет жасамаған. Астаналықтар оның әбзелдері де, арқаны да жоқ екенін байқаған.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, оларға Ұлы Дала – Түркістан көшелері қиылысында жылқы жүргені туралы хабар таңғы 8-де келген. Оқиға орнына полиция тобы жіберілді.
«Полиция қызметкерлері жылқыны қауіпсіз аймаққа шығарды. Ақпарат «Астана ветсервиске» жолданды», — деді баспасөз қызметі өкілдері.
Сурет: видеодан скриншот
По сообщению сайта Arna Press