Ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында Әуезов полиция бөліміне Қайнар ауылының 41 жастағы тұрғыны жүгініп, ауылының маңында еркін жайылымнан белгісіз адам бір бас ірі-қара малын ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін жәбірленуші малын өз бетінше іздеумен айналысқан, алайда жоғалған малды табамын деген үміті үзілген ол құқық қорғау органына жүгінді. Келтірілген залал сомасы 260 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жәбірленушінің 63 жастағы ауылдасы жеткізілді, одан жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды, деп айтты Полиция Департаменінің баспасөз қызметінде.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы — 1-бөлігі – «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жыл басынан бері облыс полицейлері малды ұрлығының 13 фактісін ашты, оның ішінде Абай және Жарма аудандарының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық 2 топ бар.
Сурет: ашық дереккөзден алынған
По сообщению сайта Arna Press