Алғашқы арыз ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Семей қ. ПБ «102» жедел арнасына 36 жастағы облыс орталығының тұрғынынан түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматша қоңырау шалып, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлады.
3 шілдеде базардың маңында белгісіз әйел жақындап оған қант сатып алуды ұсынған. Тауардың төмен құнын естіген жәбірленуші мобильді қосымша арқылы ойланбастан қаскөйдің шотына 563 000 теңге аударған.
Осыған ұқсас арызбен тағы сегіз жергілікті тұрғын жүгінген. Жалпы шығын 981 600 теңгені құрады.
— Барлық арыздар ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі фактілер «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде, — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press