ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған екі масаң жүргізуші тағы да рульге отырып, полиция қызметкерлеріне ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөліміне Сибинская көшесін патрульдеу барысында 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Москвич» маркалы автокөлік тоқтатылғаны, жүргізушіден алкогольдің өткір иісі байқалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Сонымен қатар, тәртіп бұзушы осыған дейін 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.
Кейіннен масаң күйдегі 32 жастағы BMW жүргізушісі ұсталды. Ол 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, облыс орталығының көшелерінде масаң күйде көлік жүргізген. Тәртіп сақшылары оны тез анықтады. Жүргізілген сараптама полицейлердің күдігін растады.
Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөліг і — -көлік құралын масаң күйде және басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, делінген хабарламада.
Масаң күйде көлік жүргізген тәртіп бұзушыларға қатысты белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press