Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында әдеттегіден өзгеше сату-сатып алу оқиғасы орын алды, деп хабарлайды vera.kz
Дилдар Курванкулованың бұл оқиғасы осыдан 3 жыл бұрын басталды. 2020 жылдың қаңтар айында ол кафесін сатпақ болады. Ол сатып алушы Ақмалжан Убайдуллаевпен сату-сатып алу келісімшартын жасасып, келісімге қол қоюдың алдында 1 млн теңге көлемінде алдын ала ақы алады да кафенің жаңа иесі қалған 10 млн теңгені төлегенін күтіп жүреді. Келісімшарт бойынша сатып алушы қалған ақшаны сол жылдың желтоқсан айының ортасына дейін төлеуі тиіс болатын. Құжатта дәл солай жазылып, төлем болмаған жағдайда сату-сатып алу келісімшарты күшін жоятыны көрсетіледі.
Өзін көптеген айларға созылатын сот күтіп тұрғанынан ол кезед Дилдар Курванкулова хабарсыз еді. Ол бизнес-нысанды пайдалануды әлдеқашан бастап кеткен сатып алушы қалған ақшаны қашан төлейтінін күтіп жүреді. 2021 жылдың сәуір айының ортасында ол кафенің жаңа иесіне сату-сатып алу келісімшартының күшін жоюды ұсынады, оған жауап болмаған соң сотқа шағымданады. Кафенің жаңа иесі де қарап отырмай, ол да сотқа шағымданып, міндеттемесін орындаудың мерзімін өзгертіп, жыл соңына дейін созуды сұрайды. Оған себеп ретінде ковид пандемиясы кезінде елде төтенше жағдай жарияланып, бизнесін жүргізе алмағанын, содан ақшасы жоқ екенін айтады. Оған қоса кафені қайта құруға қаржы жұмсағанын көрсеткен.
Сот елдегі төтенше жағдай 56 күнге созылғанын, кафенің ақшасын төлеу мерзімін дәл осы кезеңге ғана созудың негізі бар екенін көрсетеді. Оған қоса нысанның иесі сату-сатып алу келісімшартын бұзу бойынша 2021 жылдың мамыр айында шағымданған. Ал ол кезде елдегі төтенше жағдай әлдеқашан күшін жойған болатын. Сондықтан сот жауап берушінің ақшаны төлеу міндетін орындауға төтенше жағдай кедергі болды деген сөзін қабылдамайды.
Осылайша Сайрам аудандық соты кафенің бұрынғы иесінің әрекетін дұрыс деп танып, сату-сатып алу келісімшартын бұзады. Ал ер кісінің төлеу міндеттемесінің мерзімін созу туралы қарсы шағымын қанағаттандырмайды. Бірақ, сатып алушы мұнымен тоқтап қалмайды және биыл кафенің иесінен сол ғимаратты жөндеуге жұмсаған ақшасын қайтаруды талап етіп, шағымданады. Ол нысанға өзі иелік еткен, бірақ, сатып алудың қалған ақысын әлі төлемеген кезде жөндеу жүргізген. Осыған қарамастан сот оның шағымын қолдап, сол кафені оның рұқсатынсыз жөндегені үшін Дилдар Курванкулова бұрынғы сатып алушыға қомақты қаржы төлеу туралы шешім шығарады.
«Сот кафеге жүргізілген бірқатар жөндеу және қайта құру жұмыстары үшін Д.Курванкуловадан А.Убайдуллаевтың пайдасына 10 млн 692 мың 310 теңге көлемінде қаржы өндіру туралы шешім шығарды. Жүргізілген жөндеу және қайта құру жұмыстарын бағалау үшін 50 мың теңге қаржы өндірілсін. Көрсетілген заңды көмек үшін Убайдуллаеваның пайдасына 1 млн теңге көлемінде қаржы өндірілсін. Убайдуллаеваның пайдасына тағы 106 мың 923 теңге өндірілсін», – делінген сот үкімінде.
Кәсіпкер әйел де, оның адвокаты да бұл шешімді күтпеген. Айтуларынша, сот қолданылуға тиіс емес заң талабын қолданған. Ал шағымды қабылдамауға себеп болатын талаптарға судья назар аудармады, дейді олар.
«Біріншіден, Убайдуллаев өзінің шағымында жауап берушімен екі арадағы ойдан шығарылған ауызша келісімдерге сүйенеді. Сот барысында Убайдуллаевтың кафені жөндеуге рұқсат алғанын дәлелдейтін жағдай анықталмады. Екіншіден, соттың шешімі бойынша, сату-сатып алу келісімшарты күшін жойған, себебі Убайдуллаев өз міндеттемелерін орындамады және кафенің 10 млн көлеміндегі қалған ақысын төлеген жоқ. Азаматтық кодекстің 403-бабының талаптарына сәйкес, тараптар келісімшарт бұзылғанға дейінгі орындалған міндеттемелерінің өтемін қайтаруды талап ете алмайды. Егер келісімшартты бұзуға тараптардың бірінің келісімшартты едәуір бұзғаны негіз болса, онда келесі тараптың келісімшарттың бұзылуынан тартқан шығынды өтеуді талап етуге құқығы бар. Яғни, өз міндетін орындамаған сатып алушы Убайдуллаевтан шығынды өтеуге тек жауап беруші Курванкулованың ғана құқығы бар. Себебі дәл сол азамат өз міндеттемелерін орындамады және кафенің 10 млн теңге ақшасын төлеген жоқ», – дейді адвокат Баходир Иристаев.
Кәсіпкер азаматша өзінен көлемді шығынды өндіру туралы сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіріп отыр. Азаматтың кодекстің 157-1-бабы бойынша келісімшарттың күші жойылған жағдайда тараптардың әрқайсысы келесі тарапқа осы келісім бойынша алынған қаржының барлығын қайтаруға міндетті, ал егер қайтару мүмкін болмаса, мысалы, әңгіме мүлікті пайдалану немесе атқарылған жұмыс туралы болса, онда қайтарылуға тиіс мүліктің ақысын немесе мүлікті пайдаланудың ақысын қайтаруы тиіс.
Оған қоса сотта сатып алушыға кафенің иесінің іс-әрекеті салдарынан материалдық шығын келгені туралы дәлелдер келтірілген жоқ, себебі, олардың арасында ғимаратты жөндеу туралы ешқандай келісім болмаған. Сонымен қатар егер талап етуші жөндеу жұмыстарын кафені сату-сатып алу келісімшартының күші жойылғанға дейін жүргізсе, онда ол сол сәтте кафенің иесі деп танылған, және оған кафені сатушының жөндеу жүргізуге деген ешқандай рұқсаты қажет емес болатын. Тек Убайдуллаев сатып алған кафенің қалған 10 млн теңгесін төлеу бойынша міндеттемесін орындамаған кезде ғана сот оны ғимаратқа иелік ету құқығынан айырды. Кәсіпкер әйелді қорғаушы тарапты соттың шешім шығаруға тауарлы-құрылық сараптамасы мамандарының кафеге жүргізілген жөндеу жұмыстарының құнын 10 млн теңге деп бағалауын негізге алуы да шамдандырып отыр. Енді қорғаушы тарап соттың бірінші сатысының кафенің иесінен көлемді қаржыны өндіріп алу бойынша шешімінің күшін жоюға шағым түсірмек.
Последние новости Туркестанской области:
По сообщению сайта Vera.kz