Жаңа кешендегі пәтер бағасында қандай өзгеріс бар

Дата: 26 сентября 2023 в 14:17 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жаңа құрылыстың құны бір деңгейде тұрғанына бірнеше ай болды.

Бірінші нарықта баға бірқалыпты күйін сақтап тұр: көп аймақта өсім де, баға түскені де байқалмайды. Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша жаздың соңғы айында шілдемен салыстырғанда пәтер құнында мүлде өзгеріс болмаған.

Бір айда бірінші нарықтағы жылжымайтын мүліктің орташа бағасы тек Алматы,
Шымкент және Қостанайда аздап құбылды (+0.1 %).

Қалған 17 өңірде шілдедегі баға сақталып тұр.

Жаңа үйдегі пәтердің шаршы метрінің құны тамызда 486 364 теңге шамасында болды.
Ең жоғары баға мына қалаларда тіркелді:
— Астанада — 587 406 теңге;
— Алматыда — 547 076 теңге;
— Шымкентте — 448 247 теңге.
Тізімде кейін тұрған қалалар:
— Ақтау — 393 131 теңге;
— Семей — 390 896 теңге;
— Атырау— 387 169 теңге.

Ең арзан пәтерді (шаршы метрі 160 мың тг) Жезқазғаннан алуға мүмкіндік бар. Ақтөбеде бір шаршы метрінің бағасы — 267 мың теңге, Оралда — 278 мың теңге.

Бір жылдық нәтижеге (2022 жылғы тамыз) келер болсақ, елде орташа көрсеткіш 4.4 % өскен.
Ең көп өсім мына қалаларда тіркелді:
— Ақтау(+18 %);
— Семей (+16 %);
— Павлодар (+15.5 %).


Бас шаһарда бір жылда жаңа үйдегі пәтерлер 5.6 % қымбаттаса, Шымкентте бұл көрсеткіш 1.9 %, ал Алматыда 1.3 %-ға жетті.


Көкшетауда жағдай басқаша, мұнда жаңа пәтерлер 5.3 % арзандапты.
Сонымен қатар Қарағанды (+0.4 %) мен Талдықорғанда (+1.4 %) пәтер бағасы сәл ғана өскен.

Қазір қандай тұрғын үй кешендері бой көтеріп, қаншаға саудаланып жатқанын Krisha.kz-тегі «Жаңа құрылыстар» бөлімінен білуге болады.

По сообщению сайта Крыша