Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді

Дата: 28 сентября 2023 в 13:28 Категория: Новости экономики

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.

Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.

«Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ.

«Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359,

«Астана – Павлодар» бағытына 456 және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді.

Ал «Щучинск – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press