Шығыс Қазақстан полицейлері ауыр қылмысы үшін халықаралық іздестіруде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстаған.
39 жастағы өзбекстандық бір жылдан астам уақыт бойы ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда ірі көлемде мүлік ұрлағаны үшін халықаралық іздестіруде болған.
«Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзбекстан Республикасындағы әріптестерімізге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді», – деді ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.
Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері іздестіруде жүрген 80-нен астам қылмыскерді ұстаған
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press