– Первое: акимату города совместно с управлением энергетики и ЖКХ вовремя подготовить проектно-сметную документацию по дальнейшим ремонтам тепломагистралей. Второе: необходимо разработать трёхлетний план ремонта внутриквартальных сетей – это очень важно. Третий вопрос связан с электросетями города, в ближайшее время прошу дать предложения, как повысить надёжность, – резюмировал аким области.
Теміртауда орамішілік желілерді жаңғыртудың үш жылдық жоспары әзірленеді
Теміртауда биылғы жылыту маусымы 30 қыркүйекте басталды. Жылу магистральдарындағы жөндеу науқаны оң нәтиже берді, бірақ ішкі желілердегі құбыр жарылу жайттары әлі де орын алуда. Оларды жедел жою үшін қосымша бригадалар құрылды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда жылыту маусымын өткізу бойынша кеңес өткізді. Жиналыс қорытындысы бойынша орамішілік желілерді жаңғыртудың үш жылдық жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Өңір басшысы жылыту маусымына дайындық және оның өтуі тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Жылумен қамтудың тұрақты өтуіне станциялар мен коммуналдық ұйымдардың басшылары билікпен тең дәрежеде жауапты болады, деп атап өтті облыс әкімі.
Ағымдағы жағдай туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков, «Оқжетпес-Т» ЖШС директоры Сергей Работягов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 директоры Сергей Кривов баяндады.
Ораз Тәуірбеков жылу магистральдарын жөндеу келесі жылы жалғасатынын хабарлады. Биыл басталған төрт жобаны аяқтау қажет. Бұдан басқа, жоспарда бес жаңа жоба бар, олардың екеуі бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайын және мемлекеттік сараптаманың қорытындысы күтілуде.
– Биылғы жылы апаттар жиі болған учаскелерге жөндеу жүргізілді. Осылайша жылу желілерінің тозуы 75%-дан 66,9%-ға дейін төмендеді. Бірақ құбырлардың жарылуы әлі де тіркелуде. Бұл жаттарға жедел ден қою үшін 10 бригада құрылып, оларды техникамен, қажетті мамандармен жасақтадық. Бұл жұмысты жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғастыратын боламыз, – деді Ораз Тәуірбеков.
Жылумен жабдықтаудың тұрақтылығы энергия көзінің жұмысына тікелей байланысты.
– Басты сұрақ: сіздердің станция қыс мезгілінен қалыпты өтетініне кепілдік бересіз бе? – деп облыс әкімі ЖЭО-2 басшысына сұрақ қойды.
– Ойдағыдай болады, кепілдік береміз, – деп сендірді Сергей Кривов.
Ермағанбет Бөлекпаев кеңесті қорытындылай келе, барлық тәуекелдерді тағы бір рет талдауды сұрады. Энергия бақылау басшыларынан тек нұсқаулармен шектеліп қана қоймай, нақты шараларды ұсынуды талап етті.
– Біріншісі – қала әкімдігі энергетика және ТКШ басқармасымен бірлесіп жылу магистральдарын одан әрі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы уақытында дайындауы тиіс. Екіншісі — орамішілік желілерді жөндеудің үш жылдық жоспарын әзірлеу қажет, бұл өте маңызды. Үшінші мәселе қаланың электр желілерімен байланысты, жақын арада желілердің қалыпты жұмыс істеуіне сенімді болуымыз үшін нақты ұсыныстар беруіңізді сұраймын, – деп түйіндеді облыс әкімі.
По сообщению сайта EKaraganda.kz