Синоптиктер 17 қазанда республиканың тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман. Оңтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік болады. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 17-22, күндіз екпіні 28 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Таулы аудандарда 2 градус үсік болады.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press