Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚМА елордалық департаменті мәліметінше, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 миллион теңге болады.
«Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген. Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жарияланбайды.
Сурет: Қаржылық мониторинг агенттігі
По сообщению сайта Arna Press