Шенеуніктің айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінен алып тасталды.
Сенат кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан қазақстандықтардың депозиттеріне салық салу жоспары туралы сұралды, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл идеядан бас тарттық. Депозиттерге салық салынбайды», — деді ұлттық экономика министрі.
Бұған дейін БАҚ Қазақстанда депозиттерге жеке табыс салығы енгізілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press