«7-20-25» жеңілдікті бағдарламасы келер жылы ғана емес, 2029 жылға дейін жұмысын жалғастырады. Бірақ мемлекет бір жылда 100 млрд теңгеден артық ақша бермейді. Мұны Krisha.kz-ке «Қазақстанның орнықтылық қоры» Сыртқы коммуникация қызметінің менеджері Айбар Олжаев айтты.
Қор өкілдері өтініш қабылдау процедурасы келер жылы да өзгермейтінін атап өтті. Бұл жағдайды тек оператор банктер реттейді екен. Ал орнықтылық қоры серіктестерінің операциялық жұмысына араласпайды.
Елде 7 %-бен несие рәсімдеуге болатын «7-20-25» бағдарламасына сұраныс жоғары, өйткені ол пәтерді нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағаға алуға мүмкіндік береді.
Қаржыландыру шектелген соң биыл өтінім бергендер қиындыққа тап болды.
Krisha.kz экономист Эльдар Шамсутдиновтен бөлінетін қаражат мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі мен жеңілдікті ипотекалардың тиімділігі туралы сұрады. Маманның жауабы мынадай:
— Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасына бөлінетін ақшаны көбейтті, өйткені бастапқыда оған жалпы 1 трлн теңге бөлеміз деп жоспарлаған. Ал жылда 100 млрд бөлінетінін ескерсек, 2029 жылға қарай жалпы сома 1.6 трлн теңгеге жетеді.
Берілген ипотеканы ғана емес, мөлшерлемені субсидиялауға кететін ақшаны да есепке алу керек. Бұл банктерде ақша көбейеді деген сөз, салдарынан ақша массасы артып, құнсызданады да, тағы мәселе көбейеді.
Жалпы жеңілдікті ипотекалардың тиімділігіне баға беру қиын, өйткені оларды әзірлеп, қабылдағанда сарапшылар қатыспайды. Бұлай жалғаса берсе, ел алдында талқылағаннан пайда жоқ, себебі бұл ішкі бастама негізінде қабылданатын шешімдер. Негізі, әу баста «7-20-25» пен «Баспана Хит» нарықты ипотеканы дамытуға бағыттау мақсатында іске қосылды, себебі сол сәтте салада кәдімгідей тоқырау байқалып еді. Бірақ, өкінішке қарай, қысқа мерзімді бағдарламалар экономиканы ынталандыратын ұзақ мерзімді жобаға айналып, тоқтату мүмкін болмай қалады.
БЦК, Фридом, Halyk, РБК, Алтын, Форте, Еуразиялық банк.
2023 жылғы 31 қазандағы мәлімет бойынша бағдарлама алғаш іске қосылған 2018 жылдан бері қаржы ұйымдары жалпы сомасы 958 млрд теңге құрайтын 70 727 қарыз берді*.
Банк
Рәсімдеген несие саны
Сома, теңге
Банк ЦентрКредит
31 305
408.1 млрд
Банк Фридом Финанс Казахстан
15 202
235.8 млрд
Халық банкі
6 843
95.6 млрд
Банк РБК
1 922
24.3 млрд
Altyn Bank
651
10.9 млрд
Fortebank
245
3.3 млрд
Еуразиялық банк
238
3.2 млрд
*Қалған 14 321 несиені тұрғындар басқа банктерден, атап айтқанда, Bereke Bank (бұрынғы «Сбербанк», 13 437) пен Jusan Bank-тен (884) алған. Қазір олар бұл бағдарламаға қатыспайды
По сообщению сайта Крыша