11 жасар қазақстандық әлемдегі ең үздік баяншы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Астаналық жас музыкант баянистердің халықаралық байқауына онлайн қатысты.
Ол ата-анасымен бірге өзі ойнаған пьесалардың жазбасын Францияға жіберген. Ал қазылар алқасы басқа қатысушылардың арасынан 11 жасар Радмир Хайбуллинді таңдады.
«Байқау Францияда өтті. Біз видео түсірдік. Мен онда үш шығарманы орындадым: Иоганн Себастьян Бах – «Фуга де-мажор», Марк Фрадкин – «Махаббат әні», Юрий Гаврилов – «Жылдам пойыз».
«Әлем трофейі» байқауының жеңімпазы Радмир Хайбуллин
Сурет: видеодан скриншот
По сообщению сайта Arna Press