Ақтөбелік тұрғын жалған диплом аламын деп ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың көктем айында аудандық білім бөлімінің әдіскеріне өзінің әріптесі жоғары оқу орындарының бірінің магистратурасын бітіргені туралы диплом алып бере алатын танысының бар екенін айтқан. «Педагог-психолог» мамандығы бойынша диплом алғысы келген әйел одан бірден танысының телефон нөмірін алып хабарласқан.
«Ер адам әйелге ЖОО бітіргені туралы диплом алуға көмектесе алатынын айтып, өз қызметі үшін 800 мың теңге көлемінде алдын ала төлем сұраған. Қолында ондай көлемде ақшасы болмаған әдіскер Ақтөбе қаласына келіп несие рәсімдеп, банктік қосымша арқылы диплом алуға көмектесетін бейтаныс ер адамға аударған.
Алайда ұзақ уақыт бойы дипломды да, өзі берген ақшасын да ала алмаған жәбірленуші қараша айының соңында полицияға арызданды» — делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын осындай қылмысы үшін сотталған 41 жастағы ақтөбелік болып шықты.
Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press