2023 жылғы 8 желтоқсанда Андрей Лаврентьев «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарының жаңа инвесторы атанғаны белгілі болды. Ол Қарағандыға аттанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабарламада Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың еңбек ұжымына QARMET-тің жаңа инвесторын таныстырғаны жазылған.
Сондай-ақ Талғат Темірханов QARMET-тегі Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып тағайындалғаны айтылған.
Еске салсақ, қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittal Temirtau кәсіпорындарының инвесторы болды.
2023 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталғаны белгілі болды.
Сурет: Telegram/qarmet_news
По сообщению сайта Arna Press