Шардан Семейге поездбен 500 теңгеге жетуге болады

Дата: 15 декабря 2023 в 20:18

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының әкімдігі «Семей – Шар», «Ақтоғай – Аягөз» жаңа теміржол бағытын іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Семей-Шар» бағытында бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңге, ал «Ақтоғай — Аягөз» бағытына 650 теңгені құрайды. Ол аптасына бес рет жолға шығады.

Бүгін таңғы сағат 9.14-те Семейден Шарға қатынайтын алғашқы пойыз келді. Бұл бағытта сейсенбіден басқа аптаның барлық күнінде жүреді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press