Абай облысында мұздың астына құлап кеткен баланың денесі табылды

Дата: 22 декабря 2023 в 21:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Таскескен ауылында мұз астына құлап кеткен баланың денесі табылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Белгілі болғандай 2018 жылы туған бала ойнап жүріп Қаракөл өзеніне құлаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Абай облысының ТЖД бөлімшесі, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысқан.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, баланың мұз астына құлап кеткеннен кейін 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер денесін тапты.

«Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасап, құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін, мұзға шықпауын сұрайды», — деді Үржар полиция бөлімінің бастығы Ролан Оразғалиев. 

Бүгінгі таңда Абай облысының су айдындарындағы мұздың қалыңдығы орта есеппен 7 см құрайды, мұндай мұз жұқа және мұз бетіне шыққандардың өміріне қауіп төндіреді.



«Жұқа мұзда үстіне шығу қаупті екенін ескертеміз. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 10 см кем болмауы керек. Мұздың беріктігін аяқпен ұрғылап тексеруге болмайды», — деп қосты облыстық ТЖД-де.

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press