Абай облысында ішек аурулары туралы жалған ақпарат тарады

Дата: 08 апреля 2024 в 15:28

Абай облысында ішек аурулары туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 

«Ертіс өзеніне су басқан ауылдардан тасқын су құйылып жатыр. Су астында зираттар мен мал қорымдары қалды, қалада ішек аурулары жиілеп кетті. Сондықтан құбыр суын ішпеңіз, тіпті бұл сумен тістеріңізді тазалай алмайсыздар. Тек қайнаған су ішіңіз. Суды кем дегенде 10 минут қайнату керек»,  — делінген хабарламада.

 

 Абай облысының әкімдігі бұл ақпараттың еш шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. 

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, облыста жіті ішек инфекциясының жағдайы тұрақты. Сырқаттанушылықтың өсуі тіркелмеген, ауыз судың сапасына тұрақты зертханалық бақылау жүргізіледі. Жыл басынан бері барлығы микробиологиялық зерттеулерге 65 сынама және санитарлық-химиялық зерттеулерге 65 сынама алынды. Су тасқыны кезеңдеріне байланысты тиісті гигиеналық нормативтердің теріс сынамалары табылған жоқ.

«Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз» — деп қосты әкімдікте.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

 

По сообщению сайта Arna Press