Қазақстандық дерби: Рыбакина отандасын жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Дата: 02 мая 2024 в 11:18 Категория: Новости спорта

Қазақстанның бірінші, екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінде ойнады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6(4), 7:5 есебімен жеңді.

3 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Елена Рыбакина алты эйс пен сегіз қос қателік жасады. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. Ал Юлия Путинцева екі қос қателік жіберіп, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина жартылай финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенко мен ресейлік 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен кездеседі.

Сурет: Clive Brunskill/Getty Images

По сообщению сайта Arna Press