ҚР Президентінің 2024 жылғы 15 мамырдағы өкімімен сыйақы беру, гранттар тапсыру және Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысын жариялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, сыйақылар Әділ Қазақстанды, Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды құруға бағытталған ауқымды реформалардың іске асырылу барысын жариялауға қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін журналистерге берілетіні нақтыланды.
Сонымен қатар, журналистерге келесі үлестері үшін сыйақылар беріледі:
Сондай-ақ, қоғамдық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Қазір оны Президенттің кеңесшісі-Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы басқарады.
Қоғамдық комиссияның құрамын жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президентінің баспасөз хатшысы бекітеді. Қоғамдық комиссияның құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердің қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Бұған дейін бұл жұмыс Президенттің баспасөз қызметіне жетекшілік ететін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысына жүктелген болатын.
Жоғарыда аталған өкіммен бекітілген диплом мен сыйлық лауреатының төсбелгісінің, грант иегері куәлігінің және ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысының сипаттамалары толықтырылды:
Сурет: primerminister.kz
По сообщению сайта Arna Press