Елімізге Өзбекстан мен Түрікменстаннан залалданған қызанақ түрі жеткізілген

Дата: 03 июня 2024 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Түркістан облысында фитосанитарлық бақылау бекеттерінде елге Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген залалданған қызанақ табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 2 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін көлемі 29,522 тонна болатын8 автокөлікке тиілгенқызанақ өнімдері өз еліне кері қайтарылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізілген.

«Нәтижесінде,Түркіменстан Республикасына — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына — 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен«қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталып, өнімдерді кіргізуге тыйым сала отырып, кері қайтарылды».ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Бұдан бөлек, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press