Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді

Дата: 26 августа 2024 в 17:28

Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мораторийді енгізу туралы ақпарат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің порталында пайда болды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу», — делінген құжатта.

Мына жағдайлар мараторийге бағынбайды:

Осы қаулы «экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығын орындау мақсатында оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Үкіметтің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне қаулыға қол қойылғанын растады. Мораторий 2026 жылдың соңына дейін жарамды.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press