Желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушылары қатарластарына қысым көрсетіп, ұрып жатқаны таспаланған видео жарияланды. Оқиғаға полиция депаратаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Мектептегі буллингтің видеосы Instagram-дағы astana_press парақшасында пайда болды. «Ұстаздар қауымы мен мектеп директоры да оқиғадан хабардар, алайда ешқандай іс-әрекеттер қабылдамай отыр», — делінген жазбада.
Полиция басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
«Оқиғаға қатысы бар 9-сынып оқушылары анықталды. Оқушылардан ата-аналарымен бірге жауап алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қорытындысы бойынша балалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деді Алматы ауданы полиция басқармасы өкілдері.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press