Қазақстанда күн суытады

Дата: 11 сентября 2024 в 17:48

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 2024 жылдың 12, 13 және 14 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, —  деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың атап өтуінше, кең ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде өз әсерін сақтай отырып, ауа райының жауын-шашынсыз болуына әкеліп соғатынына қарамастан, солтүстіктің салқын ағындары оны қоректендіре бастайды.

«Нәтижесінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде».«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, мамандардың болжауынша, түнде қарға айналуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның 13 облысында 11 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Сурет: unsplash

По сообщению сайта Arna Press