Бүгін табыс туралы декларацияны тапсыратын соңғы күн, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
qazaqstan.tv телеарнасында жарияланған материалда, ел бойынша 300 мыңға жуық адам өз есебін тапсырмағанын Қаржы министрлігі хабарлаған болатын.
Салық есебін «egov.kz», «e-Salyq Azamat», «eGov mobile» арқылы тапсыра аласыз.
Салық декларациясын бизнесмендер, заңды тұлға құрылтайшылары мен жұбайлары тапсырады.
Салық органдары алдымен ескерту береді, оны елемеген жағдайда 5 АЕК, яғни 55 мың 380 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Фото: freepik
По сообщению сайта Arna Press