«Қанаттылар» театры Семейге келді

Дата: 27 сентября 2024 в 20:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ерекше театр Семей шаһарында спектакль қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Театр көрерменге екі қойылым ұсынды.  «Қанаттылар» инклюзивті театры 2021 жылы құрылған. Мақсаты – мүгедектігі бар жандардың дарынын танып, өнер әлемінде шығармашылық әлеуетін дәріптеу. 

«Біздің театрымызда ерекше азаматтар 25 адам істейді. Қалған 10 адамы дені сау профессионалды актерлар және режиссерлар. Театрымыз осы жылдың соңында бөлек мемлекеттік мекеме болып алғаш рет тек қана Қазақстанда емес, Орталық Азияда мемлекеттік мекеме болып құрылғалы жатыр. Сондықтан осындай театр біздің елімізде Семей қаласында ашылса деген ниетіміз бар», — деді «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі Арнұр Ысқақов.

Екі күнге созылған гастрольдік сапарда ерекше театр қалың көрерменге екі қойылым ұсынды. «Екі тағдыр бір өмір» деп аталатын спектакль өмірін өнермен байлап, тағдырдың басқа салған тауқыметіне сынбай төтеп берген Арнұр Қайнарбекұлының өмірінен алынған автобиографиялық драма.



Ал, «Алло, бұл кім?» лирикалық комедиясы өткен ғасырда жазылса да, бүгінгі қоғамның тақырыбын қозғайды. Астарлы әзіл арқылы жеткізген қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.

Қойылым барысында қазіргі замандағы өзекті мәселелер көтерілген.Яғни бұл қойылым «Алло, бұл кім?» тақырыбында қойылған.  Яғни түйетін ойымыз әр адамның қалауы өз уақытында яғни барлығы өз жасында болса деген ой түйдік, дейді көрермен.

Ерекше жандар бір арнаға тоғысқан  мәдени мекеменің бағындырар  белесі көп.  Өнер ордасы кездескен қиындықтарға мойымай, ойға алған мақсаттарын айқындай бермек.

 

Махаббат РИЗА

Сурет: автордікі 

По сообщению сайта Arna Press