Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы

Дата: вчера в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы
Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ қабылдаған шешімдеріне келтірілген шағымдарды соттардың қарауы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2 тармағында, 76-бабының 1 тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабында бекітілген әркімнің сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады, сондықтан соттар сот төрелігіне қол жеткізуді, сотқа шағыммен жүгіну негіздерін көздейтін және оларды қарау тәртібін реттейтін заң нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.
Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдері жеке құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер еткен жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар), сондай-ақ ұйымдар, егер көрсетілген актілермен олардың заңды мүдделеріне әсер етсе, сол сияқты олардың қорғаушылары, өкілдері сотқа шағыммен жүгінуге құқылы. Тұлғалардың ҚПК-нің 106-бабында көзделген тәртіппен сотқа шағыммен жүгіну құқығын тексеру кезінде «Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағын соттардың басшылыққа алғаны жөн.
ҚПК-нің 106-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттер (әрекетсіздік) пен шешімдер сот тәртібімен шағымдануға жатады.
ҚПК-нің 153-бабының төртінші бөлігіне сәйкес тергеу судьясы санкцияламаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының бұлтартпау шараларын қолдану/қолданбау, олардың күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулыларына шағым жасау ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен жүргізіледі. Басқа жағдайларда бұл мәселені қарау тергеу судьясының қаулыларын қайта қарауға өкілеттіктері бар соттың құзыреттілігіне жатқызылған. Сотталғандардың жазаны орындайтын мекеменің немесе органның олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне, сондай-ақ үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша прокурордың шешімдеріне не прокурордың олардың осындай шағымдарын қанағаттандырудан бас тартуына шағымдары ҚПК-нің 482-бабының ережелерін ескере отырып, ҚПК-нің 106-бабында көзделген тәртіппен сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот қарайды. Қарау нәтижелері бойынша сот ҚПК-нің 482-бабының төртінші бөлігінде көзделген шешімдердің бірін шығарады. қаулысымен. 5. Заңда өзге тәртіппен шағымдану көзделген процестік әрекеттер (әрекетсіздік) мен шешімдердің күшін жою туралы шағымдар, атап айтқанда Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеудің күшін жою туралы шағымдар, оларды ҚПК-нің 179-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарының талаптарын бұза отырып, тіркеу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы, адамды күдікті, қорғануға құқығы бар куә деп тану, әрекетті дұрыс сараламау немесе айыптауды тұжырымдау туралы, не оның дәлелденбегені туралы, күдікті деп тану және әрекетті саралау кезінде заңды дұрыс қолданбау туралы, сот санкция берген бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шағымдар, сондай-ақ сот актілерінің заңсыздығы туралы шағымдар ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарауға жатпайды. Шағымдар сотқа ҚПК-нің 106-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген мерзім сақтала отырып, қылмыстық іс бойынша барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында, соның ішінде айыпталушыны сотқа беру сатысында берілуі мүмкін, осы мерзім адамға тиісті іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), шешімдер туралы белгілі болған сәттен бастап есептеледі.
Тиісті прокурорға шағыммен жүгінгеннен кейін тұлға прокурордың жауабымен танысқан күннен бастап он бес тәуліктің ішінде, егер осы уақытта прокурордан жауап алмаса, не сол мерзімде сотқа осындай шағыммен жүгінуге құқылы.
Сотқа шағым беру үшін өтіп кеткен мерзім мүдделі тұлғаның өтініші бойынша ҚПК-нің 50-бабында көзделген жалпы ережелер бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.
Қылмыстық іс сотқа жіберілгеннен кейін келіп түскен прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің), шешімдерінің заңсыздығы туралы шағымдардың ҚПК-нің 305-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралуын сот қылмыстық істі мәні бойынша қарау кезінде жүзеге асырады. . Сотқа жолданатын шағым жазбаша түрде жазылады, онда арыз беруші мен өз мүддесі үшін шағым беріліп отырған адамның тегі, аты, әкесінің аты, олардың мекенжайы мен байланыс телефондары, органның атауы мен орналасқан жері, шағым жасалып отырған іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасаған, шешім қабылдаған лауазымды адам көрсетіледі. Шағымда қашан, кім (қандай орган немесе оның лауазымды адамы) және қандай процестік іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасалғаны, қандай шешім қабылданғаны көрсетілуге тиіс. Бұл ретте шағымда заңның қандай нормалары бұзылғанын, осылардың арыз берушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қалай әсер еткендігін, сондай-ақ арыз берушінің өтінішінің мәнін көрсету қажет. Сонымен бірге сотқа жүгінгенге дейін шағымда көрсетілген іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің), шешімдердің прокурорға шағымдалған-шағымдалмағанын, жауаптың қашан алынғанын (не алынбағанын), прокурордың жауабының мәнін және олармен келіспейтіндігі туралы уәждерді көрсету қажет.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Қ. Дунбаев

По сообщению сайта Магнолия