Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – қашан да өзекті мәселенің бірі

Дата: вчера в 18:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тіл – біздің бірлігіміздің негізі, халқымыздың ұлттық байлығы. Елімізде тілдерді құрметтемеу аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Біздің мақсатымыз – көптілдік, ана тіліміз – қазақ тілі. Оның мағынасын түсіндіру, елмізде қолдану аясын кеңейту мақсатында жыл сайын маусым, қыркүйек айларында тілдердің дәстүрлі мерекелері, конкурстар, және т.б. іс-шаралар өткізіледі. Тіл – заңнамасының базалық негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, ал Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы – халықаралық тілді дамыту өлшемдерінде сәйкес келеді. 
Біздің тіліміз бен мәдениетіміздің дамуы еліміздің өркендеген өсуімен тығыз байланысты. Мемлекеттік тілді білу, оған құрметпен қарау және оны күнделікті өмірде қолдану біздің мінез-құдқымыздың ажырамас бөлігі болуға тиіс. Біз достығымызды нығайту үшін бар күшімізді салуымыз керек. Ұлтаралық бірлік – отандастарымыздың басты байлығы екенін ұмытпауымыз керек. Тіл — кез келген халықтың басты белгісі, бірақ оның өркендеуі үшін әлі де көп жұмыс істеу керек. Әр халықтың өз ана тілін дамытуға, бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамытуға ұжымдық құқығын пайдалануға заңды мүмкіндігі бар. Осыған байланысты елдегі, әсіресе мемлекеттік тілдегі тіл мәселесі ешқашан назардан тыс қалмағанын атап өткен жөн. Бұған дейін Мемлекет басшысы мелекеттік тілдің қанатын кеңейту үшін мемлекеттік бағдарламамен қатар Тілдерді оқытудың нақты оталықтарын құру жолымен қазақ тілін дамыту бойынша күщ-жігер жұмсалғанын, сондай-ақ қазақ тілді балабақшалар мен мектептер санын едәуір ұлғайтқанын бірнеше рет атап өткен болатын. 
Тәуелсіздік ширек ғасырында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті, оның ішінде біз ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындадық. Шет тілдері екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет еткен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылды. Сондықтан біз қазақ тілді халықтар арасындағы достықтың қайнар көзі, олардың бірлігі мен өркендеуінің тірегі ретінде бағалаймыз. Қоғам дамуының басқа да салаларымен қатар мемлекеттік тіл де дамуы керек, өйткені ол мемлекеттік тәуелсіздіктің негізі тіректерінің бірі болып табылады.
Тіл мен қарым-қатынас біріктірілгенде ғана құрмет, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда ғана мақтанышпен: «Тіл мәртебесі – елдің мерекесі!» деп айтуға болады. 
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Гүлмира Рысбаева

По сообщению сайта Магнолия