2025 жылғы наурызда қазақстандықтар мерекелер мен демалыс күндерін қоса алғанда 14 күн демалады

Дата: 04 февраля 2025 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар қатарынан  бес күн демалады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан демалыс болады. 8, 9 және 10 наурыз сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндеріне келеді. Ал алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн қатарынан 8 және 9 наурыз, яғни сенбі, жексенбі демалады.

Наурыз мерекесінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).

Жалпы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 8 күн мереке болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер 6 күн демалады.

Сурет: pixabay.com

По сообщению сайта Arna Press