Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 16

ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды

Arna Press, 05 августа 2024 в 12:58

ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды
ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгертеді

Arna Press, 02 августа 2024 в 17:58

Қазақстан электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгертеді
2 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Спикер файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарау жоспарланып отырғанын хабарлады.«Енді білесіздер, биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып жатыр, яғни бұл бұлтқа негізделген цифрлық қолтаңба.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті

Akorda.kz (KZ), 01 августа 2024 в 18:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Семейде құтқарушылар саябағы ашылды

Arna Press, 01 августа 2024 в 17:58

Семейде құтқарушылар саябағы ашылды
Семейде құтқарушылар саябағының салтанатты ашылуы өтті. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сквер аумағында балалар, ойын және демалыс алаңдары бар. Жақын орналасқан көп қабатты үйдің қасбетінде тақырыпқа сай түрлі-түсті мурал салынған. Тақтатас төселіп, абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілді.Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында жаңа сквердің қоғамның қауіпсіздігі үшін өмірлерін қатерге тігетін жандарға құрмет пен ризашылықтың белгісіне айналатынын атап өтті.

Семейде екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлады

Arna Press, 01 августа 2024 в 17:08

Семейде екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлады
Бүгін Семейде тоғызыншы қабаттың терезесінен бала құлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол екі жаста. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде. ТЖМ тағы да еске салады:Сурет: ашық дереккөздерден

Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Arna Press, 01 августа 2024 в 17:08

Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге шегерілді
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әртіске қатысты сот нақты қашан өтетіні белгісіз.«Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Мектептердегі бейнебақылау: ережеге өзгерістер енгізілді

Arna Press, 01 августа 2024 в 14:38

Мектептердегі бейнебақылау: ережеге өзгерістер енгізілді
Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау стандарттары мен талаптарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұсынылып отырған басылымда бейнебақылау жүйесі — бұл бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық-техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ өзара ақпарат алмасатын бағдарламалық немесе аппараттық басқару құралдарының жиынтығы.Қазіргі редакцияда бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі мен оның қауіпсіздігі туралы бейнелерді алуға арналған, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар, бірлесіп жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы.Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Қазақстанда білім туралы аттестаттың жаңа түрі берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 01 августа 2024 в 10:06

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 01 августа 2024 в 10:06

Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған

Arna Press, 30 июля 2024 в 20:58

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған
Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.Сурет: ашық дереккөздерден

Кто сможет получить госипотеку по программе «Менин үйүм»? Критерии

Tazabek, 30 июля 2024 в 13:04

Кто сможет получить госипотеку по программе «Менин үйүм»? Критерии
Tazabek — Президент Садыр Жапаров указом от 17 июля утвердил государственную жилищную программу «Менин үйүм».Также глава государства утвердил Порядок отбора участников программы «Менин үйүм».Установлено, что программа и Порядок действуют бессрочно до принятия соответствующего указа президента.Кабинету министров поручено: — в месячный срок привести свои решения в сфере государственной жилищной политики в соответствие; — в ежегодном плане действий кабмина предусмотреть количественные и качественные показатели для реализации госжилищной программы Кыргызской Республики «Менин үйүм»; — разработать план мероприятий по привлечению источников финансирования госжилищной программы «Менин үйүм»; — разработать план мероприятий кабмина по реализации госжилищной программы «Менин үйүм»; — разработать матрицу мониторинга реализации и индикаторы оценки, а также бюджет «Менин үйүм».Указ вступает в силу по истечении 7 дней со дня официального опубликования.

«Аптап ыстық, найзағай, дауыл». Алматы мен еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Arna Press, 30 июля 2024 в 11:58

Синоптиктер 30 шілдеде Алматыда, Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман болады.

Жолаушылар шағымынан кейін пойыздарды тазалайтын компанияға айыппұл салынды — ҚТЖ

Arna Press, 29 июля 2024 в 16:58

Жолаушылар шағымынан кейін пойыздарды тазалайтын компанияға айыппұл салынды - ҚТЖ
Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушылардың тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақтылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген.«Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті.

Аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды

Arna Press, 29 июля 2024 в 14:18

Аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды
Абай облысында аялдамадағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Семей қаласындағы аялдамалардың бірінде 53 жастағы күдікті облыс тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап кеткен. Әйелдің әмиянында 31 мың теңге болған. Қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды.Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтауда никаб киіп, «қару» ұстаған қыздар жұртты шошытты

Arna Press, 29 июля 2024 в 11:38

Ақтауда никаб киіп,
Ақтауда никаб киіп, «қару» ұстаған қыздар жұртты шошытты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап сілтеме жасап.lada.kz жазуы бойынша Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының назарына никаб киген екі қыздың ойыншық автоматтарымен көшеде жүрген Tik-Тok-тағы видеосы түсті.

Париж-2024: Қазақстан құрамасының жалпы есептегі орны белгілі болды

Arna Press, 29 июля 2024 в 11:38

Париж-2024: Қазақстан құрамасының жалпы есептегі орны белгілі болды
Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Кеше дздошы Елдос Сметов (60 келі) Қазақстан құрамасына алғашқы алтын салса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды.Ал бүгін, 28 шілдеде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) та соңғы Олимпиадасында қола медаль еншіледі.Осылайша, Қазақстан құрамасы үш медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.Алғашқы орында Оңтүстік Корея (үш алтын, екі күміс, бір қола), екінші орында Аустралия (үш алтын, екі күміс) тұр. Үздік үштікті үш алтын, бір күміс, бір қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеді.Сурет: olympic.kz

Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Arna Press, 26 июля 2024 в 16:08

Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Олжас Бектенов «Семей орманындағы» өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Абай облысында суда жеті адам құтқарылды

Arna Press, 26 июля 2024 в 12:18

Абай облысында суда жеті адам құтқарылды
Абай облысында суда жеті адам құтқарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласының Ертіс өзенінде патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында жеті адамды құтқарды. Оның ішінде ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім.Аз уақыт аралығында 1982 жылы туған ер адам мен қалтқыларға жүзіп өздігінен жағаға қайта алмаған әйел құтқарылып, жағаға жеткізілді.Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.Сурет: ҚР ТЖМ

Алты айдан кейін «Майқайыңалтын» кенішінде жер астына құлаған автобус табылды

Arna Press, 25 июля 2024 в 15:58

Алты айдан кейін
2024 жылдың 24 шілдесінде Павлодар облысындағы «Майқайыналтын» кенішінде жарты жыл бұрын жерге құлаған автобус табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Кеше кешкі уақытта қазу жұмыстары кезінде құтқару автобусы табылды, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр мен жел) құлау қаупі төніп тұрғандықтан, жұмыс өте сақтықпен жүргізілуде. Іздеу шаралары бүгін сағат 05:00-де қайта жанданды. Қазіргі уақытта біз көліктің алдыңғы жағына жеттік, оның бетінде бампер мен дөңгелегі көрінеді».
Показано 30 новостей из 4 831